Павлодар тұрғыны қазақ тілде қызмет көрсетуді талап еткені үшін дүкеннен қуылды

04.02.2013, 10:00 Общество

Masa.kz сайтында Бейсенбай тегі Рузаның Елбасы Н.Назарбаев, Премьер-Министр С. Ахметов пен тағы бірқатар лауазымды қызмет иелеріне жолданған хаты жарияланды.

Онда Кереку қаласының тұрғыны жергілікті техника дүкендерінің біріне (Лермонтов пен Сатпаев көшелерінің қиылысында орналасқан "Сулпак" сауда үйі) қалтафон сатып алмақшы ниетте кіргенін айтады.

"Қазақша сөйлеп, өз тілімде қызмет көрсетуді талап еткенім үшін, күзетпен итеріліп, далаға шығарылып тасталдым. Сол себепті облыс бас прокуратураның қабылдауында болдым. Тілдер басқармасына хат жолдаймыз, өзіміз де тексеріс жүргіземіз деп қалды. Сауда үйінде болған масқара жайтты диктофонға жазып алдым. Жағамды ұстағаным барлығы дерлік сатушылар, мені итеріп шыққан күзет қызметкері де қазақтар. Олардың айтқандары: "Мы не говорим по-казахский; я понимаю, но обслуживать буду на том языке, на каком мне удобно; вы сами виноваты, зачем пооткрывали русские школы, и нас туда отдавали; а теперь или говорите на русском, либо выходите отсюда", - дейді автор хатында.

Орыс тілінің күнделікті қарым-қатынас пен қоғамдағы байланыс тәсіліне әбден айналып, Тәуелсіздігімізді алсақ та, отарлаушы елдің тілінде сөйлеуімізге ашынған Руза ханым Павлодардағы орыс мектептерінің үлесі қазақ мектептерінен 8-9 есе көп екендігін де жеткзді.

"Кеше "Планета электроники"-ден қуылдым, бүгін "Сулпак"-тан, кеше тіліме ұрсып, автовокзалда билет бермей қойды, бүгін жұмыспен барған ғимаратыма өз тілімде ақпарат ала алмай қайтуға мәжбүр болдым. Аза күні, қалалық сыммен таратылатын радиоторапта тұруы керек Қазақ радиосының орнына орыстілді "ретро фм", радиосын қойып қояды, әндерімен", - деп хат авторы Керекудегі, басқа солтүстік қалалардың да бейнесін суреттейді.


NUR.KZ

Комментарии на форуме (148): фигню несет ,100% ... (4.02.2013 10:03)

0

Все новости рубрики "Общество"

ALL Все за сутки / Архив   
Новости | Афиша | Мой Нур | Погода | Почта | Программа ТВ
Стандартная версия портала | Версия для смартфонов
© ТОО "Интернет портал Нур", 2000-2014 info@nur.kz